Си Цзиньпин ҚХР басшысы болып қайта сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Си Цзиньпин ҚХР басшысы болып қайта сайланды

10.03.2023

Қытай лидері Си Цзиньпин үшінші мерзімге мемлекет басшысы болып қайта бекітілді. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының депутаттары оған бір ауыздан дауыс берген. Сондай-ақ, Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды. BBC-дің мәлімдеуінше, алдағы күндері жаңа премьер мен түрлі министрлердің тағайындалуы бұдан да маңызды оқиға болмақ.

Еске салайық, Бейжіңде өтіп жатқан Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясы наурыздың 13-не дейін жалғасады. Елдің алдағы жылдардағы даму бағытын көрсеткендіктен, бұл саяси шара әлем назарында.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу