Киберқылмыспен күреске ерекше көңіл бөлінуі керек - Дархан Қыдырәлі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киберқылмыспен күреске ерекше көңіл бөлінуі керек - Дархан Қыдырәлі

10.03.2023

Киберқылмыспен күреске ерекше көңіл бөлінуі керек. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Х Баку жаһандық форумында осылай деді. Сонымен қатар, форумның интеллектуалдық платформаға айналып келе жатқанын атап өтті. Жиынға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, әлемнің белгілі саяси қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Ал қазақстандық делегация құрамында ғылыми-зерттеу орталықтары мен министрлікке қарасты мекемелердің өкілдері болды. Министр Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тартып, Семей полигонын жауып, халықаралық қауымдастық алдында ядролық қарусыз әлем құрудағы табандылығын көрсеткенін, бұл жаһан проблемасын жұмыла шешудегі Қазақстанның үлесі екенін айтты. Дархан Қыдырәлі жаһанның және аймақтың алдында тұрған сын-қатерлер, оның ішіндегі климаттың, азық-түліктің және ядролық қауіпсіздікпен қатар, постшындық дәуірінде белең алған гибрид соғыстары, инфодемия құбылыстары ақпараттық қауіпсіздікке де ерекше назар аудару қажет екенін көрсетіп отырғанын атап өтті.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Гибридті соғыстар мен инфодемия біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Бұл ақпараттық қауіп және ақпараттық соғыстың шегі жоқ. Киберқылмыстың өсуі біздің өміріміздің барлық салаларына, соның ішінде ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, қаржы, қауіпсіздік, көлік, энергетика, ғарыш және суасты коммуникацияларына шабуылдар көбейген сайын айқын көрінеді. Қажетті ресурстарды, технологиялық шешімдерді, сондай-ақ, осы саладағы мамандарды даярлау маңызды міндет.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу