Жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жаза күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жаза күшейеді

09.03.2023

Жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға, енді жаза қатаңдайды. Сенат арнайы құжатты мақұлдады. Заң жобасына сәйкес, аталған бап бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын түрмеден босап шығу мүмкіндігі болмайды. Жоғары палатаның отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осы санаттағы қылмыстар үшін санкция күшейтіледі деді. Жеке жасаған қылмысқа 5 жылға дейін, ал топ құрамындағы заң бұзушылыққа 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Интернет арқылы тәртіпсіздікке шақырғандар да жазаланады. Олар 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ішкі істер министрі бұл түзетулер митинг туралы заңға қарама-қайшы келмейтінін айтты.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

Барып қиратайық, бұзайық, жағайық деген кезде соларға ғана мына интернет және басқа ресурс арқылы тарататын болса, жауаптылық көзделіп отыр.

Шерхан Советхан

Хабарламаларға жазылу