Қостанайда бруцеллез ошағы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бруцеллез ошағы анықталды

09.03.2023

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бруцеллез індеті анықталды. Ауру белгілері ірі шаруашылықтың малын жоспарлы тексеру кезінде 33 сиырдан табылды. Тағы 17-сінің зертханалық сараптама қортындысы күмән туғызып тұр. Қазір ауру малдың бәрі оқушауланған, көп ұзамай сою цехына жіберіледі. Ал сараптамадан күмән тудырған түлік қайтадан терең тексеруден өткізіледі. Карантин жариялау мәселесі сол тексерудің қортындысынан кейін белгілі болады. Мамандар жалпы облыс бойынша ірі қараның бруцеллезге шалдығуы жыл өткен сайын азайып келе жатыр дейді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу