Шымкентте екі адам газға тұншығып, қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте екі адам газға тұншығып, қайтыс болды

09.03.2023

Шымкентте су жылыту қондырғысындағы ақау салдарынан екі азамат улы газға тұншығып өлді. Оқиға орнына келген авариялық құтқару тобы «Достық» тұрғын алабындағы үйде мұржаға кигізілген майысқақ құбырдың дұрыс жалғанбағанын анықтады. Сондай-ақ жылыту қондырғысы орнатылған бөлмеде желдеткіш жүйе де болмаған. Үй иелері қондырғының мұржасын қабырғаның ар жағындағы қазандық құбырына өздері жалғай салған. Техникалық қауіпсіздік қызметімен келісім жасаудан бас тартыпты. Қазір оқиғаның өзге де себептері анықталуда. Жалпы, он күннің ішінде Шымкентте осымен төрт адам улы газға тұншығып қаза тауып отыр.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу