Ердоғанның басты қарсыласы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоғанның басты қарсыласы анықталды

07.03.2023

Ал түрік оппозициясы өз арасынан президенттікке үміткерді таңдады. 74 жастағы Кемал Кылычдароғлы мамырдың 14-не жоспарланған сайлауда қазіргі басшы Реджеп Тайып Ердоғанға басты қарсылас болады. Бұл саясаткердің кандидатурасын алты партиядан құралған альянс ұсынды. Кылычдароғлы елді жайлаған экономикалық дағдарыс пен қымбатшылықты, 46 мыңдай адамның өмірін жалмаған зілзалаға орай басшылықтың сынға ұшырауын пайдаланып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырыспақ. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, парламент пен президент сайлауы тартысты өтуі мүмкін. Оппозициялық блок биліктегі коалициядан озып кетуі де ғажап емес.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу