Блинкен Қазақстаннан кейін Өзбекстанға барды. Ал бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев өзбекстандық әріптесі Шавкат Мирзиеевпен Шымкентте кездесті. Бұл сапарлардың бір-бірімен байланысы бар сияқты. Кездесу туралы алдын-ала жарияланбаған әрі бейресми форматта өткен. Бірақ Ақорда сайтындағы қысқа ғана хабарламаның өзінен талқыланған тақырып көп екені байқалады. Негізгісі: сауда-экономикалық әріптестікті дамыту. Екі елдің президенттері өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны нығайту керек деп келіскен екен.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен бейресми кездесу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/172539/)