«Қазына» телехикаясы құқық саласы қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегін баяндайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазына» телехикаясы құқық саласы қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегін баяндайды

02.06.2015
«Қазына» телехикаясы құқық саласы қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегін баяндайды

Елімізде тұңғыш рет экшн жанрындағы сериал көрсетілмекші.

Бүгіннен бастап, Қазақстан Ұлттық телеарнасының эфирінен 16 сериялы «Қазына» телехикаясы көрерменге жол тартады.

Отбасына деген махаббат, елді сүю, құқық саласы қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегін баяндайтын картина шынайы оқиғамен жанасады.

Туындының режиссері - Әнуар Райбаев. Фильм сценарийінің авторы - Рахымжан Отарбаев.

Ал, фильмде басты рөлдерді елімізге танымал актерлер Жандос Айбасов, Ерік Жолжақсынов және әнші Мақпал Исабекова сомдайды.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу