Алматыда алғыс айту күнін халық ерекше атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алғыс айту күнін халық ерекше атап өтті

01.03.2023

Алғыс айту күні Алматыда да ерекше тойланды. Тұрғындарға мерекеге орай құрт таратылып, жылы лебізін білдіруге мүмкіндік берілді. Мектептерде тағылымды шара ұйымдастырылып, оқушылар ұстаздарына, жақындарына алғысын жеткізді. Мегаполистегі мерекелік көңіл-күйді әріптесім Нұрсұлтан Тілектес жеткізеді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Міне, Алматылық оқушылардың күні дәл осындай ерекше шарадан басталды. Менің артымдағы алғыс айту тақтасы. Ұл-қыздар өздерінің ұстаздарына, сыныптастарына деген жылы лебіздерін қағазға жазып сол тақтаға жапыстырып жатыр. Жанымда осы шараның ұйымдастырушысы тұр. Айтыңызшы осында ерекше шараны мектептерде ұйымдастырудағы мақсат қандай?

Нұрлыбек Төлегенов, жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

Бұл акцияның мақсаты мектептегі балалардың бауырмалдығын дәріптеу. Бұл акция мектепте бірінші рет өтуде. Және қазір біздің балалар жақындарына қоңырау шалып өздерінің жылы лебіздерін білдіреді.

Анашым сізге барлығы үшін рақмет айтқым келеді. Мені осы дүниеге әкелгеніңіз үшін сізді қатты жақсы көремін;

-Алло әпкетайым, бүгін мейрамға орай саған алғыс айтайын деп едім. Маған көрсеткен құрметің үшін үлкен рақмет!

- Саған да мың алғыс айтамын. Сенің барыңа.

 
- Әке, осы өмірде қиындықтардан қорғап, қолдап жүргеніңе үлкен алғыс айтамын.

- Саған да рахмет балам.

Күн жарқырап, көктемнің келгені сезіліп-ақ тұр. Біз қазір алматылықтардың сүйікті орны, «Арбат» аталып кеткен жаяу жүргіншілерге арналған алаңдамыз. Мұнда Қазақстан халық ассамблеясының Жастар қанаты ерекше шара ұйымластырған. Олар мынадай құрттар таратып, халықтың алғысын жинап жүр.

Омар Мохаммедсаруар – «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласындағы өкілдігінің төрағасы:

Біздің беріп жатқан құртымыз қазақ халқының қонақжайлылығын көрсетеді деп ойлаймыз.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Сонымен қатар шаһарда достықты, бірлікті және ұлттық құныдылықтарды дәріптеуге арналған түрлі мәдени, мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу