Тарбағатай ауданында 30 адамға қайтарымсыз грант берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарбағатай ауданында 30 адамға қайтарымсыз грант берілді

27.02.2023

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында мемлекет қолдауымен өз кәсібін бастағандар көбейіп келеді. Былтыр ауданда 30 адамға жалпы сомасы 34 миллион теңге қайтарымсыз гранты берілді. Іс бастағандардың 90 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмыс істеп жатыр. Мысалы, Жетірал ауылының тұрғын Архат Мамырбеков 500 мың теңге грантына 20 қой сатып алған. Биыл төлдеп жатыр. Ал Ақжар аулындағы Айбек Қалиев асыл тұқымды қаз өсіріп жатыр. Көктем келісімен инкубатор арқылы жұмыртқадан балапан шығармақ.

Айбек Қалиев, Ақжар ауылының тұрғыны:

Қолдан жасап, қолдан шығарамыз. Инкубатор арқылы. Селекция жасап. Неліктен өйткені бізге үй қазынан қарағанда осы қаздар тиімді болады. Бір жағынан салмағы да жақсы. Жұмыртқаны да көбірек береді. Үй қазы 10-15 жұмыртқа шығарады. Ал бұлар алды 55-60 жұмыртқаға дейін табады.

Темірлан Нұрланов, Тарбағатай аудандық Жұмыспен қамту орталығының директоры:

Бұл енді жаңадан құрылған аудан үшін грант пен несие кәсіпкерлердің саны көбейіп, әркім өзінің кәсібін ашып, қосымша жұмыс орындарын ашып жатса, ауданға тиімді деп ойлаймын. Грант қаражатын алған бір адам бір жұмыс орнын ашуға міндеттеледі.

Олжас Керейхан 

Хабарламаларға жазылу