«Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі Ермек Исабаев марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі Ермек Исабаев марапатталды

26.05.2015
«Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі Ермек Исабаев марапатталды

Семейде түрлі саланы дамытуға үлес қосып жүрген үздік жастар марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оларға «Үздік студент көшбасшысы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ерікті» сынды арнайы сыйлықтар табыс етілді. 

Олардың арасында «Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі Ермек Исабаев та бар. Ол «Жас журналист» аталымы бойынша жүлдегер атанды.

Жергілікті арнада қызмет ететін жас журналист өңірдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарды қозғаған.

Бұған дейін де тілшінің авторлығымен дайындалған түрлі телебағдарламалар көрермен көңілінен шығып, байқауларда  топ жарған.

 

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу