Тәжікстанда жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанда жер сілкінді

23.02.2023

Бүгін Тәжікстанда қуаты 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Мұны Қытайдың мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Зілзаланың ошағы Қытай шекарасынан 82 шақырым жерде анықталды. Оны Шыңжаң аймағының Қашғар және Артукс қалаларының тұрғындары да сезген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу