Мемлекеттік қызметке кіру автоматтандырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметке кіру автоматтандырылады

22.02.2023

Мемлекеттік қызметке кіру процесі толық автоматтандырылады. Жұмысқа іріктеу кезінде артық кедергілер мен тосқауылдар жойылады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты. Оның сөзінше, жаңартылған жүйе тамыр-таныс арқылы жұмысқа кіруді тоқтатып, жемқорлықтың алдын алады. Жоба орталық мемлекеттік органдарға ғана кадрларды тағайындауға бейімделген. Жүйе сәтті өтсе, барлық мемлекеттік қызмет орындарына енгізіледі. Іріктеу кезеңі биыл 1 наурызда басталады.

Азамат Жолманов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
Конкурстық рәсімді өткізу оны толық цифрландыруды көздейді. Конкурстық рәсімнің барлық кезеңдері онлайн түрде қашықтықтан өткізіледі.  Бұл тек әңгімелесу кезеңіне ғана қатысты болмайды. Үміткерлердің мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде, иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін ID номерлері беріледі.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу