Қостанайда Амангелді батырдың портреті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Амангелді батырдың портреті табылды

22.02.2023

Қостанайдағы облыстық өлкетану мұражайынан Амангелді Имановтың портреті бейнеленген плакат табылды. Сондай ақ мұражай қоймасынан батыр балаларының, жүзбасы, мыңбасыларының да суреттері шықты.

Амангелді Иманов бейнеленген портретті 1956 жылы ұлт азаттық көтерілісінің 40 жылдығына орай Крутильников есімді суретші салған. Сөйтіп ол қазақ мемлекеттік баспасынан 15 мың тиражбен басылып шығыпты. Бір данасының құны 1 сом 25 тиын. Мұнда батыр - Қастеев салғандай қарсы алдынан емес, бір қырынан бейнеленген. Көне жәдігер батырдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында көрермен назарына ұсынылмақ.

Батырхан Жұмабай, облыстық өлкетану мұражайының директоры:

Сол жылы ғана көрсетіліп, содан кейін ешқайда көрсетілмеген. Арада жетпіс жылға жуық уақыт өткенде 3 сәуірде Елорда төрінде, Астанада жарыққа шығарылады. Әрі қарай Ақтөбе облысы сұратып жатыр, жаз мезгілінде Абай облысы сұратып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу