Шымкентте дәріханалар тіркелмеген препараттарды сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте дәріханалар тіркелмеген препараттарды сатқан

21.02.2023

Шымкентте кейбір медициналық мекемелер дені сау азаматтарға жалған еңбекке жарамсыздық парағын сатқан. Ал бірқатар дәріхана тіркеуге алынбаған препараттарды саудаға салған. Заңбұзушылық кезектен тыс тексерулер кезінде анықталды. Дәріхана иелері заңсыз дәрі сатумен бірге тауарды лицензиялау талаптарын бұзған. Ал медициналық мекемелер клиникалық зерттеулер ережесін бұрмалаған болып шықты. Былтыр медициналық ем мен дәрі-дәрмекке қатысты қаладағы медициналық қызметтің сапасын бақылау департаментіне заңды және жеке тұлғалардан 400-ге жуық шағым түскен. 98 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заң талаптарын бұзғандарға жалпы сомасы 9 миллион тенгеден астам айыппұл салынды.

Ғ. Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу