Президент Конституциялық сот төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Конституциялық сот төрағасын қабылдады

20.02.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады. Мемлекет басшысына жаңадан құрылған сот органының жұмысы баяндалды. Елімізде бірінші қаңтардан бастап азаматтар Конституциялық сотқа жүгініп жатыр. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық сот жүргізудің барлық сатысының ашықтығы мен азаматтарға бұл органның жұмысы туралы кеңінен хабардар етуді, сондай-ақ, Ата заңның сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.


Ә.Серікұлы

Хабарламаларға жазылу