Соңғы бір жылда Ресейден мыңдаған шетелдік бренд кетіп, 200 мыңнан астам жұмыс орны қысқарған. Бұл елге салынған санкциялар экспорт пен импортқа де кері әсер етті.
Индира Бегайдар, тілші:Былтырдан бері Ресейден 10 мыңнан астам шетелдік компания кеткен. Қазір бұл жақта шетелдік бренд қалмады десе де болады. Әлемге танымал тауар сататын фирмалар Ресеймен жұмыс істеуден бас тартқан. Бұл өз кезегінде киім, техника дүкендерінің жабылуына әкеп соқты. Қазір мұндағы нарықты Қытай жауалап жатыр. Жалпы санкция экспорт пен импортқа да кері әсерін тигізді. Мысалы, газ экспорты былтыр 46 пайызға төмендеді.
Владимир Евссев, сарапшы:Ресей газды өңдейтін кәсіпорындардың құрылысын бастады. Қазір сатып алып жатқан өнімдерді өзімізде өндіреміз деп ойлаймын. Әрине, оған уақыт керек. Кем дегенде 2029 жылға қарай нәтиже болады. Өзімізде технология жоқ, сондықтан зардап шегіп жатырмыз.
Экспорт азайған соң «Газпромда» өндіріс көлемі 20 пайызға дейін төмендеді. Санкциялық қысымға байланысты Ресей ЕАЭО елдерімен, Қытай, Үндістан, Иран және Түркиямен ынтымақтастықты нығайта түспек. Алайда, Халықаралық энергетикалық агенттік сарапшыларының пікірінше, Ресей Азия нарығына Еуроодаққа жақын көлемде газ жеткізу үшін кем дегенде 10 жыл қажет.
Индира Бегайдар