Қазақстан-Нидерланд кәсіпкерлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Нидерланд кәсіпкерлері кездесті

16.02.2023

Нидерланд кәсіпкерлері қазақ экономикасына қаржы құйып, біріккен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Қос елдің бизнес өкілдері Гаагада өткен инвестициялық форумда ынтымақты арттыру жайын талқылады. Еліміздің инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешов бастаған қазақстандық делегация өкілдері шетелдіктерге елдегі инвестициялық мүмкіндіктер мен инвесторларға үкімет тарапынан жасалатын қолдау жайлы баяндады. Шара аясында қос тарап бірнеше ортақ жобаға қол қойды. Жалпы, былтыр екі ал арасындағы сауда айналымы 26,8 пайызға өсіп, 5,3 мрд долларды құрады. Соңғы 17 жылда Нидерландтан Қазақстанға 110,4 млрд доллар инвестиция тартылған.

Альфред Гейтинбик, Компанияның бизнесті дамыту бойынша стратегиялық директоры:

Қазақстан-Қытай, Үндістан мен Батыс Еуропа арасындағы маңызды нарықтарға апаратын көпір. Алып мемлекеттің таза органикалық, денсаулыққа пайдалы тағам өндірісін кеңейтуге әлеуеті зор. Біз Қазақстанда жұмыс істеп жатырмыз, әрі қарай да қазақ серіктестерімізбен жетістікке бірге жетуге ниеттіміз.

Юриан Ван Ден Бремер, кәсіпкер:

Біз жасыл үйлер салумен, мал шаруашылығымен айналысатын компаниямыз. Климатты жақсарту, тамшылап суару саласында бірге біраз іс атқара аламыз. Бүгін қазақ тарапымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Сәуірде Қазақстанға барып, келесі қадамдарымыз қандай болатынын сарапқа саламыз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу