Түркияда сайлау бір жылдан кейін өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда сайлау бір жылдан кейін өтуі мүмкін

16.02.2023

Түркияда жалпыұлттық сайлау жарты немесе бір жылға шегерілуі мүмкін. Мұны «Хабертүрік» басылымы жариялады. Автордың дерегінше, жойқын зілзала кесірінен төрт провинцияда сайлау өткізу мүмкін емес. Ал, өзге алтауында жартылай ғана ұйымдастыруға болады. Бұған дейін ел президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлау мамырдың 14-де өтеді деп мәлімдеген еді.

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен 41 мыңнан астам адам қаза тапты. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Ал, тірі қалғандарды құтқаруға деген үміт уақыт өткен сайын сөніп барады. 74 елден жиналған 8 мыңдай құтқарушы жергілікті мамандарға әлі де көмектесіп жатыр. Мұны Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді. Тағы 4800-дей құтқарушы еліне қайтқан. Еуропа қайта құру және даму банкінің болжамынша, бұл апаттан Түркия экономикасы 1 пайызға қысқаруы мүмкін.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу