Мемлекеттік сатып алу саласында монополия жойылады
Мемлекеттік сатып алу саласында монополия жойылады. Яғни, ірі компаниялардың нарықтағы беделін пайдаланып қымбат тендерлерді алуына тосқауыл қойылмақ. Бұл шағын және орта бизнеске үлкен мүмкіндік дейді авторлар. Бұл қандай тетіктер? Тиісті нормалар қашан қолданысқа енеді? Серік Селеубайұлы зерттеп көрді.
Әдетте ұсақ компаниялар қымбат тендер алуға талпынбайды. Өйткені, қаржылық тұрақтылық, материалдық база, қызметкер саны, техникалық мүмкіндіктер бойынша олардан оқ бойы озып тұрған алпауыттар бар. Мемлекеттік сатып алудың майлы лоттарын иемденіп отырған бұл монополистер байқауды қиналмай ұтады. Бірақ, тапсырысты қосалқы мердігерлер орындайды . Яғни, ірі ойыншылар мемлекет пен бизнес арасында делдал боп отыр. Сондықтан құрылыс саласында рейтингтік-балдық жүйе енгізілді.
Бақытжан Жүнісбеков, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:
Мемлекеттік сатып алу кезінде мердігерлердің мүмкіндігін теңестіру үшін бірнеше тетік енгізіліп жатыр. Оның ішінде компанияның жүктемесін есепке алу механизмін атап өтуге болады. Яғни, бірнеше тендері бар құрылысшылардың балы кеміп, шартты жеңілдік көлемі азаяды.
Бұл қомағай кәсіпкердің аптығын басып, қатысатын байқауын мұқият таңдауға түрткі болады. Өйткені тым көп тендер алғандар келесі конкурстан қағылуы мүмкін. Яғни алыптардың көлеңкесінде қалған компаниялардың да үлесі көбейе түседі деген сөз. Бұдан бөлек, өңірлерде жергілікті кәсіпкерге басымдық беретін механизм жасалып жатыр.
Даурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Басқа облыстардан келген компаниялар ол жаққа келіп олар салық төлемейді. Адамдарды жұмысқа алмайды. Сондықтан біз сол белгілі бір аумақта жұмыс істеп жүрген компанияларға үлес беру керекпіз.Бұл түзетулер жақын арада қабылданатын болады.
Бірақ бұл жаңалықтар жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды дейді сарапшылар. Өйткені, құрылысқа қаржы дұрыс құйылмайды. Ал шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысты өз бетінше жалғастыруға қаражаты жоқ.
Виктор Микрюков, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті:
Мемлекет қаржысын күтпей жобаны өз қаражатына салуға көп мердігердің мүмкіндігі жоқ. Өйткені, қарапайым балабақшаның өзіне кемінде 2 миллиард теңге жұмсалуы керек. Нарыққа енді келген құрылыс компаниясында мұнша ақша жоқ. Бұл орта бизнестің өзіне оңайға түспейді. Қазіргі жағдайда ірі компаниялар ғана қиналмай жұмыс істей алады.
Яғни, баршаға бірдей мүмкіндік берілуі үшін заң талабы толық сақталуы керек. Қаржы жобалық сметалық құжатта көрсетілген уақытта бөлінсе, қосымша тетіктер де тиімді жұмыс істейді. Сонда саладағы шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі де артады.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем кубогы: Үздік 16 команда анықталды
04.07.2026, 20:07
Қызылордада күйшілер байқауы өтті
04.07.2026, 20:06
Президент Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады
04.07.2026, 20:06
Оқушыларымыз Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді
04.07.2026, 20:05
Ұлттық домбыра күні Бельгияда тойланды
04.07.2026, 20:04
Шетелде домбыраны онлайн үйреніп жатқандар көбейді
04.07.2026, 20:04
Respublica партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті
04.07.2026, 20:03
Халықтық Конституция - құқықтық мемлекет құрудың негізі
04.07.2026, 20:03