Стамбұлдағы қазақ кәсіпкерлері гуманитарлық көмек жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлдағы қазақ кәсіпкерлері гуманитарлық көмек жолдады

13.02.2023

Стамбұл қаласындағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жолдады. Түркиялық кәсіпкерлермен бірге олар Адана қаласындағы зілзаладан жапа шеккендерге жылы заттар мен тұруға ыңғайлы контейнерлер жолдады. Түркияда апаттан соң көлік қатынасының қиындауы мен гуманитарлық көмекті жан-жаққа таратудағы кедергілерді ескеріп, кәсіпкерлер бұл заттарды Адана қаласына өздері жеткізіп берді. Түрік елінің басына қиын күн туған сәтте әр адам қолында барымен бөлісіп, бауырлас халықпен бірге екенін білдіруі міндет, дейді қазақ кәсіпкерлері.

Нұрбазар Жәңгіртегі, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының қызметкері:

Түркияның оңтүстігінде болған зілзалаға Түркияда тұрып жатқан қандастар, мемлекеттік орындар Қазақстанның елшілігі, Стамбұлдағы бас консулдық барынша көмектесіп жатыр. Соған орай Қазақстан мәдениет орталығы 50 мың долларлық гуманитарлық көмек жолдап жатыр. Оның ішінде 2 жылжымалы баспана яғни контейнер бар, сонымен қатар күнделкіті тұрмысқа қажетті бұйымдар бар.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу