Әлихан Смайылов: Жол салу әдісін өзгерту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Жол салу әдісін өзгерту керек

11.02.2023

Жол салу әдістерін түбегейлі өзгерту керек. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысында осылай деді. Жиында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды. 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен жөндеу міндеті қойылған.

Премьер-Министр жол құрылысы тым ұзаққа созылатындықтан, халықтың көңілі толмайтынын жеткізді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Өңір әкімдіктері жергілікті жолды салу және жөндеу бойынша сапалы жұмыстарды қамтамасыз етсін. Жол жобаларын, жөндеу жұмыстарын іске асыру бойынша халықты ақпараттандыру тәсілдерін өзгерту қажет. Халықтың шағымдарына уақытылы жауап беру керек.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу