Ақтөбеде «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы өтті

18.05.2015
Ақтөбеде «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы өтті

«Жәдігер жерде қалмасын!» Бір аптадан бері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай атаумен акция өтуде.

Қала тұрғындары көненің көзіндей сақталған ескі дүниелерін мұражайға тапсырып жатыр.

Осы уақытқа дейін ақтөбеліктер 40-қа жуық экспонат тапсырыпты. Аймаққа белгілі тұлғалар қолданған бұйымдар, текемет пен ескі сандықтар енді мұражайда сақталады.

Бұл шара 16 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу