Қазақстан құтқарушылары үш адамды аман алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құтқарушылары үш адамды аман алып шықты

10.02.2023

Нурдагыдан жақсы жаңалық. Қазақстан құтқарушылары үйінділердің астынан үш тірі адамды шығарды. 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан шығарылғандар дереу медициналық көмекке жеткізілді. Екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нурдагы Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді. Бұл нысанда адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу