Жеңілдетілген автонесие бойынша 463 қатысушы төлем шоттарын алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие бойынша 463 қатысушы төлем шоттарын алған

08.02.2023

«Аutonesie.kz» сайтына тіркелгендердің көпшілігі Алматы қаласынан. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі 7,6 млрд теңге. Қазіргі таңда 463 қатысушы автосалондарға барып, төлем шоттарын алған. Көш басында Астана тұр. Ал ең соңғы орында Батыс Қазақстан облысы тұр. Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, Hyundai мен Chevrolet автомобиль брендтері жоғары сұранысқа ие болған. Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген автонесие алуға 761 өтінім мақұлданған болатын.

Cерік Селеубай

Хабарламаларға жазылу