Шымкентте 13 нысанның құрылысы аяқталмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 13 нысанның құрылысы аяқталмай тұр

08.02.2023

Шымкент қаласында құрылысы бірнеше жылдар бойына аяқталмай келе жатқан сақалды нысандар көбейіп барады. Қазір мегаполисте осындай 13 ғимарат ұсқынсыз кейіпте тұр. Олардың ең үлкені әуежайдың жолаушылар үшін салынып жатқан жаңа терминалы. Стратегиялық нысан 2020 жылы салынып бітуі тиіс болған. Алайда құрылыс жұмыстарына алғашында пандемия, кейіннен жер дауы себеп болып, жұмыс кешеуілдеді. «Металлург» стадионының да құрылысы бітер емес. Қазынаның 3 миллиард теңгесі жұмсалған нысан 2 жыл бұрын пайдалануға берілу керек болған. Бірақ, құрылыс кезінде екі компания соттасып. жұмыс созылып кетті. Оның үстіне бөлінген қаржы жетпей, 2021 жылы бюджеттен тағы 700 миллион теңге берілді. Бұл шешімнің заңдылығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимал департаменті мен қоғамдық ұйымдар тексере бастады.

Айжан Кесебаева, «Әділдік жолы» РҚБ қалалық филиал басшысы:
Мұнымен біздің бақылау аяқталады деп ойламаймын. Объект аяқталғаннан кейін 3,8 млрд теңге қаншалықты мақсатты жұмсалғаны, қаншалықты сапалы құрылыс материалдары қолданылғаны туралы тиісті аудит департаментіне хаттар жіберіп, бақылауды жалғастырамыз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу