Түркістан облысынан 9 дәрігер Түркияға шұғыл көмекке аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысынан 9 дәрігер Түркияға шұғыл көмекке аттанады

08.02.2023

Түркістан облысының бір топ дәрігері Түркияға шұғыл көмекке аттанады. Бауырлас елдегі жағдай бойынша 9 маман реанимациялық және жалпы медициналық көмек көрсетеді. Олардың қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург және невропатолог бар. Кейбірі жоғары санатты бөлім меңгерушілері. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін. Олардың барлығы түрік, ағылшын тілдерін орташа деңгейде меңгерген. Бес маман бұған дейін Түркияда бірнеше рет тәжірибеден өткен.

Жанболат Ділдәбеков, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

Өңірлерден бес бес маманнан сұралған еді, бірақ біздің өңірден, біздің ауруханадан тоғыз маман ерік білдіргендіктен біз тоғыз маманның да тізімін бердік. Кеше, бүгін, болмаса резидентураны жақында бітірген дәрігерлер емес, сегіз дәрігер хирургия саласы бойынша. Бір дәрігер терапия саласы бойынша маман болып табылады.

 Аслан Полатов, дәрігер - ортопед:

Апаттық жағдайларда көп жұмыс істейміз. Біздің өзіміздің саламыз ортопедиялық және травматологиялық болғандықтан, мұндай жарақат салдарынан мұндай тәжірибе көп. Арыс қаласы жарылған кезде Арысқа барғанбыз және осы жерде де қабылдағанбыз апатты жағдайды.


Хабарламаларға жазылу