ЕАЭО-дағы сауда кедергілерін жою жайы сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО-дағы сауда кедергілерін жою жайы сөз болды

03.02.2023

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде көрсеткіш біршама өскен. Өндіріс көлемі 1,5 трлн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде Қазақстандағы өндіріс көлемі 100 млрд доллардан асты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 5%-ға артқан. «Дегенмен, бұл одақтың негізгі әлеуетіне сай емес», - деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Бұл мәселе Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty» форумы аясында ұйымдастырылған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында талқыланды. Смайыловтың айтуынша, көршілес елдердің арасындағы сауда-саттықты дамытуға ішкі шекараларда кедендік бақылау элементтерінің әлі күнге дейін сақталуы кедергі болып отыр. Мемлекеттік сатып алуларда ұлттық режимнің болмауы, санитарлық, ветеринарлық және басқа да шектеулердің кеңінен қолданылуы да өз әсерін тигізіп келеді

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 

Бұл көрсеткіштер Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі әлеуетіне сай келмейді деп ойлаймын. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы мен ЕАЭО туралы шарттың іс-шараларын жүзеге асыруға барынша күш жұмылдыру қажет. Бірінші кезекте бұл – өзара саудадағы кедергілерді жою.


Хабарламаларға жазылу