Шымкентте қарулы қақтығысқа әзірленген қылмыстық топтың мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қарулы қақтығысқа әзірленген қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

03.02.2023

Шымкентте қарулы қақтығысқа әзірленген екі қылмыстық топтың мүшелері құрықталды. Қолға түскен он азаматтың үшеуі сот санкциясымен күзетке алынды. Екеуінен қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Қалғандары әзірге бостандықта.

Тінту кезінде олардан төрт тапанша, карабин мен мылтық және 100-ге тарта оқ табылды. Қылмыстық топтың бірі қаңтар айында бір азаматты қала сыртына апарып, әбден азаптаған. Ұрып-соғып, денесін пневматикалық мылтықпен жарақаттаған. Осыған кектенген жәбірленуші заң органдарынан араша сұрамастан, таныстарын жиып топ құрады. Суық қарулар сатып алып, қақтығысқа әзірленген. Қазір екі қылмыстық топтың мүшелерінен жауап алынуда.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу