Президент «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады

02.02.2023

Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады.

Кездесуде бірлестіктің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен жоспары баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына «Ардагерлер ұйымы» да атсалысып жатқаны туралы айтылды.

Сонымен қатар төраға елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсыныс берді.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу