Партиялар Орталық сайлау комиссиясына құжат өткізе бастады. Қазақстан халық партиясы елдің алды болып тапсырды. Олардың 52 кандидаты - депутаттық мандаттан үмітті. Партиялық тізімде алты ұлттың өкілдері бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 50. Сонымен қатар тізімдегі әйелдер, жастар және мүгедектердің үлесі 32 пайыздан асады. Ал партия төрағасы «Мәжілістен 40-тан аса орын тимесе, депутат болмаймын» деп мәлімдеді.
Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан халық партиясының төрағасы:
Егер біздің фракция шағын болса, 10,15, тіпті 20 адам. Мен Мәжіліске бармаймын. Мен өз орнымды біреуге беремін. Ал егер 40-45 адам болса, барамын. Онда қуатты фракция боламыз.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан халық партиясы құжат өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/170850/)