Президент «SCAT» әуе компаниясына оң баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «SCAT» әуе компаниясына оң баға берді

01.02.2023

«SCAT» әуе компаниясының қызметі көңілге қонымды. Компания президентін қабылдаған Мемлекет басшысы «SCAT» қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдайтынын жеткізді. Владимир Денисов былтыр атқарған жұмыстарының нәтижелерін, алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелер паркі мен бағыт желілерін көбейту жөнінде мәлімет берді. Бұдан бөлек, Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары жайында айтты. Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу