Шымкентте пияз бағасы екі есе қымбаттады
Шымкент қаласында бас-аяғы оншақты күннің ішінде пияз екі есеге қымбаттап кетті. Оған көрші Ресей мен Өзбекстанда көкөністің тап осы түріне сұраныстың артуы себеп. Сондай-ақ Шымкентке пияз Жамбыл облысынан жеткізілетін болғандықтан оның бағасы тауар өндірушілерге тәуелді. Қазір көтерме саудадағы бағасы 300 теңгеге жетті. Осыған байланысты мегаполисте бағаны тұрақтандыру шаралары қабылдануда. Деректерге сүйенсек, шаһар халқы айына 2 мың тонна пияз тұтынады. Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік қорын жасақтау үшін биыл ірі сауда орындарына қала бюджетінен 8,7 миллиард теңге бөлінген. Енді әлеуметтік дүкендерді көбейту тапсырылды.
Жандос Қаниев, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Мемлекеттік бақылау бар, құзырлы мекемелерден құрылған арнайы комиссия бар. Апта сайын сауда нысандары, базарларға мониторинг жүргізіліп, 15 пайыздық сауда үстемесін асырған жағдайда кәсіпкерге тиісті әкімшілік шаралар көріледі.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07