«Ақ жол» партиясы бірқатар заңды өзгертуге үлес қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясы бірқатар заңды өзгертуге үлес қосты

31.01.2023

«Ақ жол» демократиялық партиясы соңғы 2 жылда 1 мыңға жуық заңға түзетулер енгізуге атсалысқан. Партия мүшелері Конституциялық реформалар, сайлау және жеке кәсіпкерлік, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты заңнаманы өзгерту кезінде белсенділік танытқан. Сондай-ақ, партия мүшелері салық Кодексін жаңартуға қатысты да ұсыныс көтерген. Бұл туралы саяси ұйымның Ақтаудағы облыстық филиалының кезектен тыс өткен 14-ші конференциясында айтылды. Жиында сайлау алды дайындық пысықталып, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің тізімі жасақталды.

Берік Сәлімжанұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:

Мына дифференциалды салық дегеніміз - ауылда егін егіп, қой бағып отырған кәсіпкерді мұнай қазып отырған компаниямен салыстыруға болмайды. Ауылшаруашылығынан бастап кейбір субсидияны бергеннің орнына салықты төмендету. Осыны ұсынғанымызда Президенттің қолдауына ие болып, қазір іске асып жатыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу