Пәкістандағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 90-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістандағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 90-нан асты

31.01.2023

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыста қаза тапқандар саны 90 адамнан асты. Қазір олар жер қойнына беріле бастады. Тағы 170-ке жуық адам жараланған. Бомба намаз кезінде іске қосылды. Сол сәтте мешітте 260 адам болған. Зардап шеккендердің көбі - полиция қызметкері.

Соңғы мәліметке қарағанда, қастандықты тәліптер мойнына алып, кейіннен ол сөзінен бас тартқан. Сондықтан, бұл шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз болып тұр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу