Мәжіліс сайлауына электораттың 53 проценті қатысуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс сайлауына электораттың 53 проценті қатысуы мүмкін

30.01.2023

Алдағы Мәжіліс сайлауына электораттың 53 проценті қатысуы мүмкін. 

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде, Парламенттік сайлау болса, сіз оған қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылған. 53 проценті «иә» деп жауап берді. Сауалнама нәтижесі бойынша «Аманат» партиясы 48 процент, ал Ауыл, Ақжол, Қазақстан халық партиясы, Республика, Социал демократиялық және Байтақ партиялары 2,8-ден 6,2 процентке дейін дауыс жинауы мүмкін. Сауалнама еліміздің 17 облысы мен үш ірі қаласы Астана, Алматы, Шымкентте жүргізілген. Оған 18-ден асқан дауыс беруге құқы бар 1200 респондент қатысты. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу