Екібастұз тұрғындары үшін қаңтар айындағы жылу ақысы қайта есептеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз тұрғындары үшін қаңтар айындағы жылу ақысы қайта есептеледі

30.01.2023

Екібастұз тұрғындары үшін қаңтар айындағы жылу ақысы қайта есептеледі. Қаланы жылумен қамту бойынша жедел штаб отырысын өткізген облыс әкімі Асайын Байханов «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не осындай тапсырма берді. Себебі, қаңтар басталғалы тұрғындар тарапынан шағым түсіп жатыр. Үйлері суық. Станция жабдықтар мен жылу желілеріндегі ақауды жөндеу үшін үйлерді әлсін-әлсін жылудан ажыратуға мәжбүр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 27 қарашасында шаһардың жылу желілерінде бірнеше жерден ақау шығып ондаған үйлер жылусыз қалды. Қазір соны қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Көктем шығысымен Екібастұз жылу энергия орталығындағы сегіз қазандық қайта жаңғыртылмақ.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу