Туристерге ел ішінде саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристерге ел ішінде саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін

27.01.2023

Туристерге ел ішінде саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрі туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Бағдарлама туристік агенттік арқылы белгілі бір бағытқа жолдама сатып алған азаматтарға қаржының 20%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік береді дейді. Тек мұндай жеңілдік саяхат маусымы кезінде қарастырылмауы мүмкін. Мысалы, Абай, Ұлытау облысы секілді бағыттарға шығын сомасының 20%-ы қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай секілді туристер көп баратын бағыттарға кешбэк 10% болмақ. Министр бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы енгізу туралы жоспарын айтты. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу