«Қазақстан халық партиясы» үміткерлерін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халық партиясы» үміткерлерін ұсынды

27.01.2023

«Қазақстан Халық партиясының» Алматы қалалық филиалынан Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін тізім жасалды. Оған партияның 42 өкілі еніп отыр. Бір мандатты округтер бойынша үш партия мүшесі ұсынылған. Олар бүгінде аумақтық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып үлгерген. Саяси науқанға қатысты квоталық талап сақталған, тізім арасында 10 әйел бар.

Нұрсұлтан Шоқанов, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы:
Ұсынылған кандидаттардың жас шамасы әр түрлі. Ең жасы 21-де. Арасында қоғам белсенділері, спортшылар, кәсіпкерлер бар. Әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар азаматтар бойынша квоталық талаптар сақталды. Халық арасындағы мәселелерді жіті түсінетін, оның шешуіне атсалысатын азаматтар қалалық мәслихатқа депутат болады деген сенімдемін. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу