Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

26.01.2023

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Ол сот реформасы туралы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Өзгерістер үш топқа бөлінген. Шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақ мерзімді міндеттер. Әр бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тартуға қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр деді ол. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу