Қарағанды облысында мектептердің жылу жүйесін комиссия тексермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мектептердің жылу жүйесін комиссия тексермек

25.01.2023

Қарағанды облысының мектептерінде температураның тиісті деңгейде сақталуын арнайы комиссия тексереді. Бұған дейін Теміртау қаласындағы 23 мектепке жылу жетпей, оқушылар онлайн оқуға мәжбүр болған. Осы жағдай жылумен қамту бағытында біраз кемшілік бар екенін көрсетті. Талап бойынша білім мекемелерінде температура +18 градус болуы тиіс. Алайда металлургтер қаласындағы мектептердің көбінде ондай жылу жоқ. Осыған байланысты ата-аналар құзырлы органдарға хат жазған. Жемқорлыққа қарсы қызмет, білім мен коммуналдық мекеме өкілдерін жинап, жылуға қатысты түйткілді мәселелерді талқылады.  

Аркадий Тілеубердинов, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшесі:
Жылуды берген 2-сі ЖЭО температурасы өте төмен болған. Магистральдан қалаішілік құбырларға жауап беретін «Оқжетпес» ЖШС айтып отыр онда дұрыс жұмыс жасалмаған деп. Жұмысына жауапсыз қарағандар жауапқа тартылады деп ойлаймын. Онымен тиісті органдар айналысып, шешімін шығарады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу