Қазандағы ұлттық өнер галереясында қазақ зиялыларына арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазандағы ұлттық өнер галереясында қазақ зиялыларына арналған көрме ашылды

25.01.2023

Қазандағы «Хазинэ» ұлттық өнер галереясында қазақтың ақын-жазушылары мен өнерлі адамдарына арналған бұрыш ашылды.

Бұл жерде бір жылда 30-дан астам көрме өткен. Онда қазақ жазушыларымен байланыс орнатып, олардың туындыларын өз шығармаларына арқау еткен Бақы Урманченің еңбектері қойылған. Татар суретшісінің «Абай жұмыс үстінде», «Жангелдиннің ұлы өткелдері» атты тарихи полотнолары мен ғажап пейзаждары өнер сүйер қауім арасында жоғары бағаға ие болған. Қылқалам шебері жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың, биші Шара Жиенқұлованың портретін жазған.

Алина Шарафутдинова, «Хазинэ» ұлттық өнер галереясының меңгерушісі:

Суретші саналы ғұмырының бір бөлігін қазақ жерінде өткізген. Осы уақыт оның шығармашылық кезеңінің шыңы деп айтсақ болады. Бақы Урманче ел аралап, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен танысқан. Қазақстанда өмір сүргенде ол портрет жанрына ерекше мән беріп, шығармашылығын шыңдады.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу