Ұлттық мұражайдың бұрынғы директоры А.Мұхамедиұлының орынбасары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық мұражайдың бұрынғы директоры А.Мұхамедиұлының орынбасары ұсталды

24.01.2023

Ұлттық мұражай директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан ұсталды. Сот санкциясымен ол 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сай, ол Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге 221 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деген күдікке ілініп отыр. Қаржы «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде жымқырылды деген дерек бар.

Тергеу жалғасып жатыр.

Хабарламаларға жазылу