Астанада жас мемлекеттік қызметшілер мектебі кезекті оқу маусымын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас мемлекеттік қызметшілер мектебі кезекті оқу маусымын ашты

24.01.2023

Астанада жас мемлекеттік қызметшілер мектебі кезекті оқу маусымын ашты. Биыл 63 жас азамат өтініш білдіріп, 39 қатысушы іріктеу кезеңінен өтті. Оқуға қабылданғандардың арасында құқықтану, мемлекеттік басқару, әлеуметтану, қаржы және экономика мамандықтарында оқитын студенттер бар. Оқу мен тағылымдамадан тұратын бағдарлама бір айға созылады. Осы мерзім ішінде әрбір қатысушы білікті мамандардан дәріс алып қана қоймай, мемлекеттік сала жұмысының тәжірибесін көзбен көруге мүмкіндік алады.

Дамир Нұрпейісов, студент:

Болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істегім келеді. Университеттен тыс уақытта мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндігіміз болады.


Хабарламаларға жазылу