Қытайда ауа температурасы күрт төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда ауа температурасы күрт төмендеді

24.01.2023

Қытайдың солтүстігінде Мохэ қаласында үскірік аяз. Бүгін мұнда ауаның температурасы 53 градусқа дейін төмендеген. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, аймақта 1969 жылдан бері мұндай қатты суық болмаған.

Жергілікті билік өкілдері халықты жылумен және сумен қатамасыз ету қызметтерінің тәулік бойы жұмыс істер жатқанын мәлімдеді. «Қытайдың Арктикасы» атанып кеткен қалада қыс қаһарынан зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Хабарламаларға жазылу