Жетісу облысында жүк пойызы трактормен соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жүк пойызы трактормен соқтығысты

24.01.2023

Жетісу облысының Қаратал ауданында жүк поезды темір жол өткелінен өтпек болған тракторды қағып өтті.

Қанабек ауылының маңындағы апат салдарынан ауылшаруашылығы техникасында отырған екі адам зардап шекті. 41 жастағы азамат ауруханада көз жұмды. Ал 18 жастағы ер едамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция жол ережесін бұзу дерегі бойынша іс қозғап, тергеу басталды. 


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу