Мемлекет басшысының Маңғыстау облысына жұмыс сапары жалғасуда

04.04.2017

Мемлекет басшысының Маңғыстау облысына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау теңіз порты аумағында орналасқан «Солтүстік терминалға» барды. Ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған бұл нысанның мүмкіндігі зор. Өйткені, осы жерден халықаралық бағыттарда астық экспортталады. Терминалда мыңдаған тонналық жүк сақтайтын алаң бар.

Сондай-ақ, Елбасы азық-түлік тауарларын сақтауға арналған «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» кешенінің жұмысымен танысты. Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті. Мемлекет басшысың өңірге жұмыс сапар туралы тілшіміз Бақытжан Омар әңгімелейді.

Хабарламаларға жазылу