Астанада «FIRST Championship» атты жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «FIRST Championship» атты жарыс өтті

21.01.2023

Бүгін Астанада жас инжернерлерге арналған «FIRST Championship» атты жарыс өтті. Оған еліміздің Солтүстік аймақтарынан 400-ден аса оқушы қатысты. Тақырып – энергия көзі. 

Айханым №81 мектеп гимназиясының 9-сынып оқушысы. Робототехникамен айналысып жүргеніне бір жылдан асқан. Жарысқа сыныптастарымен бірлесе құраған роботты әкеліпті.

Айханым Шамшадин, мектеп оқушысы:

Менің ойымша, біздің болашағымыздың барлығы робототехникада. Және қазіргі уақытта бәрі автомизация болып жатыр. Адамның орнына роботтар келіп жатыр. Және көптеген заттарды, жұмысты роботтар жасайды. Мен осы салаға келгенім дамып, стемп сферасында дамығым келген.
Бұл балалардың ой-өрісі өзгерек. Тап суретші немесе ақын сияқты қиялға беріледі. Бірақ, сол қиялдарын біліммен, формуламен дәлелдеп, іске асырады. Олардың бүгінгі кішкентай идеясы болашақта үлкен инновациялық жобаға да айналуы мүмкін. Өйткені біздің балдалардың деңгейін қазір әлем біледі.

Нұрлыбек Нұржанов, «Ustem Robotics» қоғамдық қорының өкілі:

Біздің балалардың жеңістері өте көп, алдыңғы жылы жарыстан біздің Қазақстан құрамасы Швецарияның Женева қаласынан бірінші орын алып келген. Енді осы аймақтық жарыстан қорғап келген командалар республикалық деңгейге өтеді. Одан өткендері АҚШ-та өтетін әлемдік кезеңге жолдама алады.

Биылғы тақырып – энергия. Яғни энергия көзін табу, оны үнемдеу деген сияқты жаһандық сұрақтарға оқушылар жауап іздеуде. Ең озық жоба дүниежүзілік додаға кетеді. АҚШ-та өтетін жарысқа 160 ел қатысады. Тағы да олжалы боламыз деген болжам бар. Қалай дегенмен инженерліктің иірімдерін енді игеріп жатқан бұл балалардың роботы сынса да, сағы сынбасын!

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу