Саяси қуғын-сүргінге арналған 31 томдық жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси қуғын-сүргінге арналған 31 томдық жарық көрді

18.01.2023

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында былтырғы ауқымды жұмыстың нәтижесі - 31 томдық жинақ таныстырылды. Көптомдықта өткен ғасырдың 20-50 жылдарындағы қуғын-сүргін құрбандарына қатысты бұрын-соңды жарияланбаған архив құжаттары мен материалдар жарияланған. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия ауқымды зерттеу жүргізді. Бұл жұмыс биыл да бірыңғай серия шеңберінде жалғасады. Сондай-ақ отырыста өткен жылғы жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар нақтыланды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу