Түркістан облысына қысқы маусымға қажетті көмірдің 90 пайыздан астамы жеткізілді - министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына қысқы маусымға қажетті көмірдің 90 пайыздан астамы жеткізілді - министрлік

16.01.2023

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мамандары Түркістан облысына қысқы маусымға қажетті көмірдің 90 пайыздан астамы жеткізілгенін айтады. Биыл өңірге 473 мың тонна қатты отын тасымалданған. Көмір өнеркәсібі басқармасының мамандары қазір облыстағы 16 темір жол тұйықтарында 4100 тонна көмір барын айтады.

Алайда оны аудандарға тасымалдау мен дұрыс үлестірілуге жергілікті әкімдік жауапты. Қазір көмірдің жетіспеушілігіне халыққа арналған көмірді жылыжайлардың көптеп сатып алуы себеп болуы мүмкін,-дейді мамандар.

Жанат Игісінов, ҚР ИИДМ көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы:

Біз осы шағымдарды естіп, 12 қаңтарда тағы қосымша маршрут ұйымдастырдық. Тікелей Шұбаркөл кен орнынан. Оның 49 вогоны тікелей Сарыағаш ауданына барады. Біз қосымша 228 жарты вогонды әр-бір көмір разьездерінен жинақтап, жіберуге тырмысып жатырмыз.
Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу